Саяси партиялардың барлығы реформаға қатысты өз бастамаларын жолдаған — Наталья Пан

АСТАНА. KAZINFORM — Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан, қоғамдық бірлестіктерден e-Otinish және eGov платформалары арқылы келіп түскен ұсыныстар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Наталья Пан
Фото: Ақорда

Оның сөзінше, бірнеше ай ішінде саяси партиялардың барлығы, ондаған үкіметтік емес ұйым, бизнес-қоғамдастық өкілдері, құқықтанушы ғалымдар мен сарапшылар конституциялық реформаға қатысты өз бастамаларын жолдаған.

— Парламенттік реформадан бөлек, Жұмыс тобына азаматтардан мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері мен саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге қатысты 1,6 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті, — деді Парламентаризм институтының директоры.

Айта кетейік, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Бұдан бұрын Виталий Хан парламенттік реформа депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтетінін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар