САЙЛАУ-2015:Астанада ҚКХП-ның республикалық сайлауалды штабының таныстырылымы өтті

Таныстырылым шарасына ҚКХП атынан кандидат Тұрғын Сыздықов, ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев, кандидаттың сайлау алды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров және БАҚ өкілдері қатысты. ҚКХП ОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚКХП атынан кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабына Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров жетекшілік ететін болды. Сайлауалды штаб ҚКХП атынан кандидат Тұрғын Сыздықовқа қолдау көрсетуді, партия активінің аймақтарда кеңеюіне, сайлауалды міндеттерді сәтті орындау үшін партия жақтастарын жұмылдыруды алдына міндет етіп қойған. Таныстырылым барысында Тұрғын Сыздықовтың жақтастары сайлау науқаны кезінде жоспарларымен бөлісті. Штаб жетекшісі Айқын Қоңыров қатысушыларды сайлау науқанына арналған жоспарды таныстырды. «Біз алдағы сайлау науқаны мезгілін қамтитын жоспар құрдық. Біз зауыт, фабрика ұжымдарымен, партиямыздың қоғамдық қабылдауына келген азаматтармен кездесетін боламыз», - деді Айқын Қоңыров. Сонымен қатар, бүгін ҚКХП атынан кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабының 3 автокөліктен тұратын «үгіт пойызы» таныстырылды. Айқын Қоңыровтың айтуынша, «үгіт пойызының» алғашқы аялдамасы Ақмола облысы Көкшетау қаласы болмақ. Көкшетауда кандидат аймақтағы өндірістің еңбек ұжымдарымен және жастармен кездеседі. Содан кейін, делегаттар Қостанай, Петропавл, Алматы және өзге де Қазақстанның қалаларында болмақ. Жалпы, жоспар бойынша, кандидаттың 11 қоғамдық кездесуі, 40 іс-шара өткізу көзделген. Брифингте коммунистер бірінші ресурсты жұмылдыру қажеттігін, себебі кең ауқымды насихат жұмысын жүргізуге штабтың күші жеткіліксіз екенін айтты. ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов өз сөзінде осы электоральдық науқанның маңызын атап өтіп: «біз сайлау үдерісіне бірінші рет қатысып отырған жоқпыз, біз үшін бұл жаңа нәрсе емес, біз бұл мүмкіндікті халыққа өз бағдарламамызды жеткізуге, өз мақсаттарымызбен және міндеттерімізбен таныстыруға, сайлауалды тұғырнаманың басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндіруге пайдаланғымыз келеді», - деді. «Біз жұмысты адал, тағаттылықпен жүргізе отырып, адамдарға қандай бағдарлама ұсынылатынын оның айқын болуы үшін жұмыс жасаймыз және бұл бағдарлама қайда апаратынын адамдар білуі тиіс. Біздің сайлауалды тұғырнамамыздың құрамдас бөлігінің бірі - елдің болашақ азаматтары ұрпағының тең мүмкіндіктерге ие болуы, тиімді әлеуметтік лифтілер және қоғамдық жоғары мұраттар», - деді кандидат Тұрғын Сыздықов штабының таныстырылымында. Таныстырылым соңында шақырылғандарға үгіт материалдарының үлгілері тапсырылды. Бүгін кандидаттың сайлауалды штабтары елдің барлық өңірлерінде ашылғанын атап өткен жөн. Кандидат Тұрғын Сыздықов 1966 жылы Механизация және электрификация техникумында «техник-механик» мамандығы бойынша оқып, 1974 жылы Мәскеудегі БЛКЖО ОК жоғары комсомол мектебін тәмәмдаған. Кейін 10 жыл өткесін, Целиноград Ауылшаруашылығы институтында білім алған. Кандидат Тұрғын Сыздықов еңбек жолын слесарь болып бастаған. Кейін «Қазақсельмаш» зауытында мастер, механик, тракторшы болып жұмыс жасаған. Коммунистік партия қатарына 26 жасында КСРО мезгілінде өткен. Қазір 67 жасқа келді, Партияның ОК-нің хатшысы.