САЙЛАУ-2015: Кандидат Ә. Құсайынов Қостанай жұртшылығымен кездесу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов қостанайлықтарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Бағдарлама экологиялық мәселелерді көтереді.

Ә.Құсайынов жиылған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді. Бұл - дамудың алдағы жоспарын мұқият зерттеу арқылы ғана қол жеткізуге болатын жаһандық мақсат.

Кандидаттың айтуынша, әлемдік экологиялық мәселелерге тиісті деңгейде назар бөлінбеуі, халықаралық пікір алмасуларда бұл тақырыптың тар шеңберде қозғалуы жаңа, абструктивті табиғи құбылыстар туындатуы мүмкін.

«Экология - адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі - табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады. Оған дәлел ретінде, топырағы құнарлы жерлердің тапшылығын атап өтуге болады.

Бүгінде, бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша, 21,9 гектарға тең. Ал Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл өте күрделі мәселе», - деді Ә.Құсайынов.

Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті. Мәселен, оның айтуынша, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі - батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған.

«Экология - біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз туралы ғылым. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл туралы мектеп қабырғасынан бері айтылып келеді, бірақ нақты іске келгенде мәселенің өзектілігі жойылар емес.

Мысалға, жаһандық жылыну проблемасын алайық. 20 ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», - деді Әбілғазы Құсайынов.

Кандидаттың келтірген мәліметі бойынша, 19 ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылырақ. Бұл ғылыми қауымдастықтар мойындап отырған жалпыға аян ақпарат, бірақ халықаралық деңгейде оған тиісті жауап табылмай отырғаны өкінтеді, дейді ол.

Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама. Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин - экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің туралы алаңдатады.

Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық тақырыптың өзектілігіне тоқталды.

«Біздің заманымызда экология - шектеулі тіршілік көзі. Негізінен, оның шектеулі екені бұған дейін де белгілі болатын, бірақ, шексіз көрінген шикізат қорының таяздануы күн тәртібіндегі күрделі мәселеге айналды.

Сондықтан да біз халықты экология ғылымдарының негізгі бағыттарымен таныстырып, аталмыш мәселеге мұқият көңіл бөлуге шақырамыз. Жасыл вектор үнемі таза ауа, құнарлы жер, ауызсу көздері мен Жер шарының атмосферасы сынды ең маңызды табиғат қорларының тапшылығы туралы өзекті мәселелерді меңзейді», - деді Р.Жоламан.

Кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге шақырды.

«Табиғат - адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, күтіп ұстау керек, ол - әр адамның, әрқайсымыздың басты міндетіміз», - деп қорытты өз сөзін Ә.Құсайынов.

Бүгін сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қостанай облысындағы штабының жұмысы таныстырылды.

Сайлау алды насихат жұмысының барысы туралы штаб жетекшісі Рүстем Жоламан әңгімелеп берді: «Қостанай облысындағы сайлауалды штабымыз өз жұмысын бастады, ақпараттандыру қызметімен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленді.

Алдағы күндері насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, көптеген іс-шаралар өткізілетін болады. Оның ішінде студенттермен, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырмақпыз.

Өзге аймақтарда да әріптестеріміз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізумен айналысады.

Қостанайлық штабтағы кеңсеміз журналистер мен бақылаушылар үшін әркез ашық, насихат жұмысы туралы және басқа да қажетті ақпараттарды осы жерден алуға болады.

Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді.

«Менің ойымша, әлемдік проблемалар рейтингінде экология мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға шығуы керек. Экологияны жеке үйің туралы ғылым ретінде түсініп, қабылдау маңызды.

Біз экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды мақсат тұтамыз.

Атап айтқанда, экономиканы экологиялық таза, қоршаған ортаға зияны жоқ аз шығынды технологиялардың көмегімен түрлендіру дамудың басты негізіне айналуы тиіс.

Жаңа құрылысты бастарда, өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосарда, кез келген шаруашылықты жүргізу кезінде экологиялық мәселелер ескеріліп, бірегей табиғи ландшафттардың, флора мен фаунаның қауіпсіздігіне көңіл бөлінуі керек.

Жағымды экологиялық орта - адам денсаулығының кепілі», - деді кандидат.

Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы әлемдік сарапшылар қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстар проблемасына бақылау жүргізумен айналысып жатыр. Жыл сайын жағдай нашарлап барады, егер адамзат табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгертпесе, оның соңы үлкен апатқа, өркениеттің құлдырауына алып келуі мүмкін.

Сарапшылардың пікіріне сүйенген Ә.Құсайыновтың айтуынша, әсіресе, ғаламшардың 1/3 бөлігі тұратын әлемнің халқы аса көп елдерінде экологиялық жағдай мүлде мүшкіл. Ауаның, судың ластануы, сапасыз азық-түлік адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұр. Сарапшылардың болжамынша, 30-35 жылдан кейін ластанған ауа 3,6 млн адамның өлімінің басты себебіне айналады, олардың басым бөлігі - жоғарыда атап өткен аймақтардың тұрғындары.

Тағы бір ескеретін жайт, қазіргі заманғы экологиялық қолайсыз орта адамның тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, жалпы ғаламшардың табиғи экожүйесінің қалыпты жұмысына әсер етіп, су ресурстарының, климаттың өзгеруіне алып келуде.

Биосфера мен жалпы Жер шарының тағдыры адамзаттың бұдан арғы өнеркәсіптік қызметінің экологиялық тиімді әрі рационалды жүргізілуіне тікелей тәуелді. Ол үшін экологиялық мәдениет деңгейін көтеру маңызды, әр адам ормандардың, өзен-көлдердің, жануарлар мен өсімдік әлемінің қауіпсіздігіне тиісті деңгейде көңіл бөліп, су мен қуат көздерінің ысырапшылдығына жол бермеуі тиіс.

Адамның биосфераға ықпалынан ғаламшардың жылу режимі өсіп, радиоактивті айнала кеңіді, Әлем мұхиттары ластанып, жаңартылмайтын шикізат қоры азайды. Табиғаттың экологиялық жүйесі өзін-өзі тазартып үлгермей жатыр. Ал адамзат өркениетінің қысымы төмендер емес.

«Жаһандық өнеркәсіптік жобалар табиғатқа үлкен зиян келтіруде, себебі олардың жұмысында табиғатты қорғауға негізделген өңдеу әдістері ескерілмейді.

Әлемнің ірі қалаларына жүргізілген геохимиялық және эпидемиологиялық талдаулар негізінде анықталғандай, мұның бәрі жалпы ауру-сырқаудың 30-70 пайызына, онкологиялық аурулардың 40 пайызына себеп болып отыр. Әлемдік статистикаға сәйкес, туа біткен денсаулық ақауларының 17 пайызы сыртқы химиялық факторлардың жағымсыз ықпалымен байланысты.

Қорыта айтқанда, табиғатты қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне үлкен маңыз берілуі керек», - деді Ә.Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар