Сайлау байқаушыларына семинар өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Сайлауға бақылау жүргізудің амалдары мен әдістері» тақырыбында семинар тренинг өтуде.
None
None

Шараны Қазақстан Республикасындағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия ұйымдастырып отыр.

«Біз өз байқаушыларымыздың санын он мыңға адамға жеткізуді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Барлық облыстарда қазіргі уақытта штабтарымыз құрылды және аймақтағы комиссия мүшелері семинар ұйымдастыруда», - деді аталған республикалық комиссия мүшесі Владимир Тельнов.

Оның атап өтуінше, бүгінгі семинарға елордалық байқаушылардың тек бір бөлігі ғана қатысуда.

«Өйткені біз әрбір сайлау учаскесінде өз байқаушыларымыздың болуын жоспарлаудамыз. Сондықтан бүгінгідей тренингтер Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастырылады», - деді ол.

Семинардың басты мақсаты республикалық комиссия миссиясы мен міндеттерін түсіндіріп, бақылау процессін жетілдіру болып саналады. Семинар барысында сайлау науқанындағы байқаушылардың негізгі рөлі, байқау жүргізу барысында ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселелер талқылануда.

Соңғы жаңалықтар