Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ — «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев

АСТАНА. KAZINFORM — «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауының ресми қорытындысын мойындайтынын мәлімдеді.

Азаматхан Әміртаев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Бүгінгі таңда қолымда азаматтардың ерік білдіруіне күмән келтіруге негіз болатын расталған деректер жоқ. «Байтақ» партиясы Қазақстан халқының таңдауына құрметпен қарайды және сайлаудың заңда белгіленген тәртіппен анықталған ресми қорытындыларына сүйенетін болады, — деп атап өтті Әміртаев.

Сондай-ақ, ол сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауының қорытындысы сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленеді.