Сайлау шарасына бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу керек - Қ.Тұрғанқұлов

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы теледидар арқылы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына байланысты 20-ға жуық бейнероликтер көрсетпек.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, осы уақытта сайлаудың ақпараттық насихат жұмыстары дайындалып, бұл бағыттағы шаралар қазір тиісінше жүзеге асырылуда. Ақпарат құралдарынан қажетті материалдар мен бейнероликтер көрсетілуде. «Біз осы жолғы сайлау туралы 20-ға жуық ролик дайындаймыз», - деді ОСК төрағасы.

Оның сөзінше, ОСК еліміздің аймақтарында сайлауды ұйымдастыру мен оны өткізуге қатысты семинарлар ұйымдастыруды көздеп отыр. «Жуық арада үкімет сайлау науқанын қаржыландыру мәселесін шешеді. Осы ретте барлық сайлау комиссиялары қаржы тәртібін қатаң ұстанулары керек. Сайлау шарасына бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу керек. Үкіметтен бөлінген қаржының игерілуін біз 25 желтоқсанға дейін аяқтаймыз. Ал 2012 жылға жоспарланған республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны келесі жылдың 15-ші ақпанына дейін игеру керек болады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар