САЙЛАУ: Үгіт-насихат жумыстарының арқасында Қазақстандағы партиялардың электоралды белсенділігі өсті
Бірінші сауалнаманы аталған институт 2011 жылғы 6-16 желтоқсан аралығында жүргізген болатын.
Астанада өткен баспасөз мәслихатында институт директоры, әлеуметтік ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасованың атап өтуінше, зерттеу Қазақстанның барлық облыстарында, сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында сұхбат әдісімен жүргізілген. Іріктеме жасы 18-ден асқан Қазақстан халқының жынысы, жасы, ұлты, білім деңгейі, елді-мекеннің түрі бойынша негізгі сипаттамаларын көрсетеді. Сауалнамаға жалпы 2 мың сайлаушы қатысты. Іріктеме ауытқушылығы 2 пайызды құрады. Зерттеу демеушілердің қаржысы есебінен жүзеге асырылды.
Сауалнама нәтижелерінің сараптамасы электоралды белсенділік деңгейінің айтарлықтай көтерілгендігін көрсетіп отыр. Үгіт-насихат науқаны басталар кездегі сайлаушылар белсенділігі 67,2 пайызды құраса, үгіт-насихат соңында бұл көрсеткіш 77,5 пайызға жетіп отыр. Бұл сайлаушылар белсенділігінің өсімі 10,3 пайызды құрап отырғандығын көрсетеді. Осылайша, қазіргі таңдағы қазақстандықтардың электоралды белсенділік деңгейі 77,5 пайызды құрап отыр.
«Сауалнама алынғандардың осыншама пайызы екінші сұхбаттың: «Сіз 2012 жылдың 15 қаңтарында Парламент Мәжілсі депутаттарын сайлауда дауыс бересіз бе?» деген сауалына нақты жауап берді», - деді А.Сәдуақасова.
Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты директорының айтуына қарағанда, саяси партияларға қатысты сайлаушылардың ұстанымының өзгеруі де байқалады. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің таңдауы үгіт-насихат науқаны соңында қалыптасқан партиялардың рейтингін көрсетеді. Екі сауалнама барысында қойылған «Сіз қандай партияға дауыс бересіз?» деген сауалға келесідей жауаптар алынған.
Үгіт-насихат науқанының бастапқы кезеңімен салыстырғанда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының рейтингі шамалы ғана көтерілген. Мәселен, бірінше сауалнама барысындағы оның рейтингі 80,5 пайыз болса, екінші ретте 80,9 пайызды құраған. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы өз рейтингін 0,5 пайызға нығайтқан. Алғашқы жолы сауалнамаға қатысқандардың 7 пайызы өз дауыстарын аталған партияға беретіндігін мәлім етсе, екінші сауалнамада олардың жақтастары 7,5 пайызды құраған. Үшінші позицияда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы келе жатыр. Олар үгіт-насихат кезеңінде рейтингтерін айтарлықтай жоғарлатуға қол жеткізген. Өсім 1,7 пайызды құрайды. Алғашқы сауалнамада 2,4, ал екіншісінде 4,1 пайыз болған. Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы екінші сауалнама қорытындысы бойынша 3,9 пайыз жинап отыр, ал бірінші сауалнамада аталған партияның деңгейі 2 пайыз көлемінде белгіленген болатын. Қалған партиялардың рейтингі бастапқы деңгейінде қалып отыр. «Әділет» Қазақстанның демократиялық партиясы 1,2 пайыз, Қазақстан патриоттары партиясы 0,7 пайыз, ал «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партиясы 0,4 пайыз сауалнамаға қатысушылардың қолдауына ие.
«Сайлауалды бәсекеден «Руханият» партиясы шығып қалып отыр. Алғашқы іріктеменің қорытындысы бойынша аталған партия сауалнама алынғандардың 0,1 пайыз рейтингіне ие болған еді. Ендігі респонденттердің бұл пайызы басқа партиялар арасында және жауап беруге қиналғандар санатына бөлініп кетті. Сайлаушы респондентердің 1,2 пайызы аталған сайлауда кімге дауыс беретіндігін әлі шешпесе, 0,1 пайызы бұл сауалға жауап беруден бас тартты», - деп мәлім етті А.Сәдуақасова.
Оның айтуына қарағанда, екінші сауалнама қорытындысы бойынша толықтай алғанда әлі кімге дауыс беретіндігін айқындамаған сайлаушылардың көрсеткіші төмендеген және бұл партиялардың үгіт-насихат жүмыстарының белсендігі әсер еткендігін дәлелдейді.
Сөз соңында Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры сауалнамаға қатысқан респонденттердің әлеуметтік-демографиялық мәліметтерін алға тартты. Сауалнамаға қатысқандардың 46,4 пайызын - еркектер, 53,6 пайызын - әйелдер құрайды. Сауалнамаға қатысушылар санының 49,7 пайызы - қазақтар, 38,1 пайызы - орыстар, 12,2 пайызы - Қазақстандағы басқа да этностардың өкілдері. Респонденттердің жас сипаттамасы: 18-29 жас аралығындағы жастар - 24,3 пайыз, 30-45 жас аралығындағы топ - 34,4 пайыз, 46-60 жас аралығындағы топ - 24,3 пайыз, 61 және одан үлкен жастағылар - 17 пайыз. Респонденттердің білім деңгейі мынадай: сауалнамаға қатысушылардың 0,9 пайызында - бастауыш білім, 3,9 пайызында - аяқталмаған орта білім, 33,8 пайызында - орта білім бар. Ал кәсіби-техникалық білім алғандар - 24,7 пайызды, аяқталмаған жоғары білімділер - 6,1 пайызды, жоғары білімді және ғылыми атағы барлар - 30,5 пайызды құрайды.
Баспасөз мәслихаты соңында журналистердің сауалдарына жауап берген А.Сәдуақасова институт сауалнама жүргізу барысында ешқандай қиындықтарға душар болмағандығын атап өтті.