Сайлаушыларды партиялық тізімдегі әртістер мен спортшылар емес, сайлауалды бағдарламалар қызықтырады - Н. Ерімбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетовтің пайымынша, сайлаушыларды партиялық тізімде кандидаттыққа ұсынылған танымал әртістер немесе спортшылар емес, партиялардың сайлауалды бағдарламасы қызықтырады.
None
None

«Менің кездесулерімде, пікір алмасуларда бұл тақырып қозғалған жоқ. Яғни, қарапайым адамдарды тізімдегі әнші немесе спортшының танымалдығы аса толғандырмайды. Олар үшін партияның бағдарламасы маңызды. Кандидаттар танымал болғандықтан емес, өздерін қалыптастырып, еңбек еткендері үшін іріктелінді. Атап айтқанда, тамыр-таныстықпен әлем чемпионы, ірі байқаудың лауреаты атану мүмкін емес. Олар осы жолда өздерінің күш-жігерімен өтіп, белестерді бағындырды. Мен үшін бұл адамдардың өз саласындағы мәселені егжей-тегжейлі білуі өте маңызды»,-деді Н. Ерімбетов баспасөз мәслихатында.

Шара барысында комиссия мүшелерінің облыс және аудан орталықтарына, шалғайдағы ауылдарға барып, сапар барысында жергілікті партиялық ұйымдардың жетекшілерімен, кандидаттармен, сайлаушылармен кездесулер өткендігі хабарланды.

Н. Ерімбетовтың сөзінше, бүгінде сайлаушылар алдағы сайлауға қатысуға белсенді ниет танытуда. Осы орайда дауыс беруге қатысу өте жоғары деңгейде болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар