Сайран көліндегі жұмыстарды мерзімінен кешіктірген мердігер жазаланды ма

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Тамыз айында Алматы әкімдігі Сайран көлін абаттандыру жобасының бас мердігері – «Павлодарский речной порт» АҚ қатысты сотқа талап арыз түсірді.

Благоустройство озера Сайран: стройка продолжается, отдыхающие уже гуляют
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Оған мердігердің шарт бойынша міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындамауы себеп болды.

Kazinform тілшісі қала әкімдігіне сауал жолдап, мердігерге қатысты қандай шешім қабылданғанын сұрады.

Сотқа шағым түсірген қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қазір Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Павлодарский речной порт» АҚ мемлекеттік сатып алудың адал қатысушысы емес деп танылғанын хабарлады. Алайда сот үкімі заңды күшіне әзірге енбеген.

- Қазіргі уақытта «Павлодарский речной порт» АҚ-на қатысты сот ісі барлық сот инстанцияларынан толық өтпеді. Сот талқылаулары жалғасуда, сондықтан шешім заңды күшіне енген жоқ, - делінген ведомство жауабында.

Ведомство мәліметінше, қазір Сайран көлінде іске қосу-жөндеу жұмыстары және бейнебақылау камераларын іске қосу, автоматты суару жүйесін қайта жабдықтау жұмыстары атқарылып жатыр.

Сондай-ақ басқарма өз жауабында қысқы кезеңде Сайран көліне су беру уақытша тоқтатылатынын атап өтті. Бірақ су берудің тоқтауы туралы нақты уақытты хабарлаған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін жаңарған Сайран көлінде қандай жұмыстар қалғанын жазғанбыз.

Жаз кезінде Сайран көлінде суға түсуге тыйым салынды.

 

Соңғы жаңалықтар