Сайран жағалауын абаттандыру: Алматы әкімі мердігерге ескерту жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімі Дархан Сатыбалды аппарат кеңесі барысында Сайран көлінің санитарлық жағдайына ерекше назар аударды.

Сайран
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, мегаполис басшысы тәртіп бұзушыларға дер кезінде шара қолданбаған және бақылау жүргізбеген Экология, қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы мен Полиция департаментінің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ мердігерге барлық анықталған кемшілікті жою туралы соңғы ескерту жасады.

Кеңес барысында қаңтар-мамыр айларында бюджетті жүзеге асыру және әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысы пысықталды. Аудан әкімдеріне қаланың проблемалық учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылды. Жұмыс ерекше бақылауда болады.

Сондай-ақ, қала басшысы Алматының күзгі көгалдандыру жоспарын ұсынуды және ауаны ластайтын көлікке бақылауды күшейтуді тапсырды.

Осыған дейін Сайран көлінде абаттандыру жұмыстары аяқталмай жатып, тазалық мәселесі туындағаны туралы жазғанбыз. 

Айта кетейік, Сайран көлінің жағалауына скейтпарк салынады. 

Соңғы жаңалықтар