«Сбербанк» «Даму» қорының 4 миллиард теңгеден астам кепілдігіне ие болды

Бүгінгі таңда Сбербанк қазақстандық банктер арасында бизнесті субсидиялау жөнінен бірінші орынға шығып отыр, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Сбербанк өңдеуші кәсіпорын, көлік және қойма жұмысы, тұру және тамақтану бойынша қызметтер, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салаларында жұмыс жасайтын қазақстандық екі жүзден астам кәсіпорын бойынша барлығы 235 кепілдік алды.
«Елдің экономикасымен қатар өсу және даму - бұл кез келген бизнестің табысты болу қағидаларының бірі. Қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету Сбербанк жұмысының басымды бағыттарының тізіміне енгізілген. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру кәсіпкерлерге өндіріс қуатын ұлғайтуға және бәсекеге қабілетті болуына үлкен мүмкіндік береді. Қазақстандағы бизнестің дамуын ынталандыру бағдарламаларына бұдан былай да қатысуға дайынбыз», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Александр Камалов.
Сбербанк «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына 2010 жылдан бастап қатысуда. Осы уақыт аралығында жалпы сомасы 170,9 млрд. теңгедегі 666 жоба мақұлданды, берілген субсидия көлемі 19 млрд. теңгені құрады.