Щучье ауданының Бурабай ауданы болып аталуы өңір тұрғындарын бір қуантып тастады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Щучье ауданының атауын өзгерту туралы Елбасының Жарлығы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық орналасуы туралы» 1993 жылғы желтоқсанның 8-індегі ҚР Заңының 9-бабына сәйкес және Ақмола облысы жергілікті атқару және өкілетті органдарының, халықтың пікірлерін ескеріп отыр.
«Жарлықтың қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілуі баршамызды қуантып тастады», дейді «Қарағай» республикалық сауықтыру орталығының бас дәрігері, «Құрмет» орденінің иегері Қайырлы Құрманов. «Жылдар бойы көпшіліктің ойында, тілегінде, жүрек түкпірінде жүрген мақсат орындалды. Біз бұл істе қолдау көрсеткен Елбасына алғысымызды білдіреміз. Аймақтың атына заты сай болуы ендігі күні өзімізге байланысты. Осы бағытта ұйымшылдықпен еңбек етіп, ел абыройын асқақтату, әлеуеті мен дәулетін асыруға талпыныс жасайтын боламыз», дейді білікті дәрігер.