Щучье ауданының құс өсірушілері тұтынушыларға 53 миллион дана жұмыртқа жөнелтті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Щучье ауданы аумағындағы «Бурабай құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жыл басынан бері өз тұтынушыларына 53 миллион дана жұмыртқа жөнелтіп,
None
None
тапсырманы асыра орындауды қамтамасыз еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елорданың азық-түлік белбеуінде маңызды буын болып саналатын кәсіпорында бүгінгі күні сегіз нысанда 400 мыңға тарта құс күтімге алынған. Иран Республикасынан әкелінген жабдықтар германдық технологияға негізделген. Астана мен еліміздің оңтүстік өңірлерінің жұмыртқаға деген сұранымына орай қазіргі кезде қосымша цехтар іске қосылып, құс етін өндіру қолға алынған. Нәтижесінде құс өсірушілер әр аймақтағы тұтынушыларына жылына 75 миллион дана жұмыртқа жөнелту мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде 167 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Орташа айлық табыстары 30 мың теңгені құрайды.
Соңғы жаңалықтар