Щучье қаласындағы жаңа мешітте бірінші рет айт намазы оқылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алланың үйіне жиналған жамағатты қаиетті құрбан мейрамымен шын жүректен құттықтаған аудан әкімі Владимир Балахонцев құрбандыққа қой атап, баршасына сау-саламаттық, достық, ынтымақ-бірлік тіледі. Өз кезегінде ауданның бас имамы Тоқсанбай қажы Шәріпов айт намазын оқып, жерлестерінің жаңа мешітте жақсылыққа бас қосуларына, әр отбасында шат тұрмыс болуына ықыласты екенін атап өтті. Мешіт аудан кәсіпорындарының, шағын және орта бизнес өкілдерінің, барша жұртшылықтың ұйымдаса атсалысуы нәтижесінде өткен күзде пайдалануға берілген еді. Мұндағы үш бөлмеде бір мезгілде 700-ге тарта адам аллаға құлшылық қыла алады. Құран оқу бөлмесінде ақыл-өсиеттер айтылып, жастар жақсылыққа тәрбиеленеді. Шағын медреседе жас буынның құранның сүрелерін оқып, бес парызды орындау жайында мағлұмат алуына мүмкіндік ескерілген.