Щучинск-Бурабай аймағында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 9-ы күні Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ бірлесіп, «Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезінде апаттық-құтқару қызметі мен құрылымдардың, басқару органдарының іс-қимылы» тақырыбында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізеді.
None
None

Жаттығу Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры, генерал-майор Д.Сатылғанов пен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ вице-президенті Е.Қизатовтың басшылығымен өтеді.

Іс-шараға «Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Апаттар медицинасы орталығының, «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының, «Апаттар медицинасы темір жол госпиталы» акционерлік қоғамының, сонымен қатар Ақмола облысының Төтенше жағдайлар және апаттан құтқару қызметтерінің құрылымдары қатысады.

Соңғы жаңалықтар