Щучинск қаласында ғимарат төбесінен екі жұмысшы құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында жөндеуден өткізіліп жатқан 2 қабатты ғимараттың шатырынан екі жұмысшы құлап кеткен.
None
None

Оқиға кеше таңертеңгі сағат 10.23-тер шамасында орын алған. Атап айтқанда, «Ирбис» ЖШС екі жұмысшысы құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында ғимарат төбесінен құлап кеткен. Оның бірі 1967 жылы туған Р.Баезитов оқиға орнында көз жұмса, 1969 жылы туған Д.Жалкенов ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар