12:50, 24 Тамыз 2022 | GMT +5
                                        Щучинскіде үстел теннисінен Burabay Open турнирі өтеді
                                            ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат - Щучинск қаласында үстел теннисінен Burabay Open республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
                                        
                                        
                                     
                                              Турнир 27-28 тамыз аралығында өтеді. Онда ерлер мен әйелдер арасындағы жеке разрядта еліміздің ұлттық, жастар, жасөспірімдер құрамаларының мүшелері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың жетекші теннисшілері өнер көрсетеді.
Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды.
Фото: olympic.kz