11:40, 31 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сегіз адамға «Қазталов ауданының құрметті азаматы» атағы берілді
ОРАЛ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында сегіз адамға құрметті азамат атағы берілді.

Аудан әкімі Есентай Қалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олардың қатарында осы өңірден түлеп ұшқан, қазір ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқаратын Мирболат Жақыпов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев, бұрын Мәжіліс депутаты болған Амангелді Таспихов пен Қайрат Шалабаев, мәдениет қайраткері Мәди Артығалиев бар. Сондай-ақ бұрын осы ауданды басқарған Замир Сағынов, Нәсіпқали Иманғалиұлы, Мәлік Құлшарға құрметті атақ берілді.