Селфи жасаймын деп ажал құшты 

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен. Қазіргі таңда құтқарушылар 16 жасар қызды іздестіріп жатыр. 

Сайрам-Өгем
Фото: Түркістан облыстық ТЖД

Оқиға Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында болды. Достарының айтуынша, жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері мен 3 техникасы және жергілікті атқарушы органдардан 11 адам іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деді, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Соңғы жаңалықтар