22:21, 19 Шілде 2015 | GMT +5
Сэм Мендес Джеймс Бонд туралы «хикая» осымен аяқталғанын хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Агент 007» Джеймс Бонд туралы жаңа фильмді түсіргеннен кейін режиссер Сэм Мендес осымен бұл хикаяны тоқтататынын хабарлады, деп жазады «ВВС» агенттігі.
«Мен соңғы фильмді де түсіргім келмеген еді. Енді міне, достарыма күлкі болдым. Осы жолы соңғы рет екенін ашық мәлімдеймін», - деді режиссер.
Мендес ағылшын агентті туралы 2012 жылы «Скайфолл» және «Спектр» деп аталатын екі фильм түсірді. Бондтың рөлінде ойнаған ағылшын актері Дэниэл Крейг осымен төртінші рет кейіпкерін сомдап шықты.