Семей әкімі қала тұрғындарының алдында есеп берді

СЕМЕЙ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Ауылдық округтердегі алғашқы он есеп беру кездесулерінен кейін Семей әкімі Мейрамхат Айнабеков қала тұрғындарының алдында алғашқы есебін берді. Қаланың бірінші басшысымен жүздесуге 500-ден астам адам жиналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семей әкімі өткен жылғы жасалған жұмыстар туралы өзінің есебінде өнеркәсіпте, шағын кәсіпкерлікте, ауыл шаруашылығында, көлік пен байланыста, денсаулық сақтауда, білім беруде, мәдениет пен спортта қол жеткізілген табыстар туралы айтты. Баяндамда 2008 жылы аймақ экономикасында едәуір ілгерілеу болғаны атап өтілді. Өткен жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 78 миллиард теңгеден асып түсті, бұл 2007 жылғыдан 1,4 пайызға жоғары. Жыл басынан бері аймақта ет және ет өнімдері, шұжық бұйымдары, ұн, сүт, нан, макарон және кондитер өнімдері және басқа да халық тұтынатын тауарлар өндірісі ұлғайды. Әкімнің атап өткеніндей, аймақты дамытудың маңызды көрсеткіштерінің бірі ? нақты экономика секторына инвестициялардың арта түсуі болды. Кездесуде сөз алған қала тұрғындары есепті кезеңде қаланы абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыруда үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Жылумен қамтамасыз ету проблемалары шешіліп келеді. Әкімдік Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығы және Алаш қозғалысының 90 жылдығы сияқты ауқымды мәдени шараларды өткізуге елеулі еңбек сіңірді.
Соңғы жаңалықтар