Семей қаласының бас жоспары әзірленіп жатыр

Семей қаласының жаңа бас жоспары дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

семей
Фото: Фото: Семей қаласы әкімдігі

«Семей қаласының бас жоспарын әзірлеуді бастадық, жұмыс жүріп жатыр. Одан бөлек, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Полигонның құрылысы келесі жылы басталады. Президенттің тапсырмаларын біз жүзеге асырып жатырмыз», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев Jibek Joly телеарнасының эфиріндегі Ерболат Мұхамеджанның «Уәде» бағдарламасында.

Бұған дейін Абай облысының әкімі биылғы бюджет туралы сөз еткен еді. 

Одан бөлек, Н. Уранхаев Алакөлде биыл туризмнен 1 млрд теңге салық түсетіндігі туралы мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар