Семей қаласының прокуроры болып Азамат Уәлиев тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы прокурорының орынбасары Ермек Жаксыбаев Семей қаласының жаңа прокурорын таныстырды. Семей қаласының прокуроры лауазымына Уәлиев Азамат Садырбекұлы тағайындалды.

Прокурор
Фото: Семей әкімдігінің Instagram-дағы парақшасынан

Азамат Уәлиев 1978 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеген. 

Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар.

Соңғы жаңалықтар