Семей қаласында жауынгер-интернационалистер еске алу митингісін өткізді

СЕМЕЙ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семейде Жеңістің 65 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысы және интернационалды соғыста қаза тапқандарды еске алу митингісі өтті.

 Семей қаласында жауынгер-интернационалистер еске алу митингісін өткізді

Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының қатысушылары, ауғандық жауынгерлер, «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының әскери қызметкерлері, «Жас Ұлан» ер балалар лицейінің оқушылары мен қаланың студент жастары қатысты.

1941-1945 жылдары майдан даласында ерлікпен қаза тапқан әкелер мен аталардың батырлығын митингке қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алып, интернационалист жауынгерлерлердің ескерткішіне тірі гүлдер қойды.