Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семей қаласындағы ЖЭО-1-де апат болды, пәтерлердегі температура +8°С

АНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы ЖЭО-1-де апат болды, пәтерлердегі температура +8°С, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Семей қаласындағы ЖЭО-1-де апат болды, пәтерлердегі температура +8°С

«Түтін сорғыш картердің бұзылуы салдарынан № 6, 7 қазандықтар жұмысы тоқтатылды, ал № 1 қазандық үздік-үздік жұмыс істеп тұр. Апаттың себебі - қазандықтардың тозуы», - делінген ведомствоның жедел ақпаратында.

Министрліктің хабарлауынша, Ертіс өзенінің сол жағалауындағы жылумен жабдықтау жүйесіндегі температура төмендеген. Сондай-ақ кеше түс ауа ақау салдарынан № 5 қазандық та өз жұмысын тоқтатқан. Қазіргі уақытта ЖЭО-1-ден шыққан температура +28 градусты көрсетіп тұр. Ал пәтерлердегі температура +8+10°С.

Бүгін таңғы сағат 06:00-де № 6,7 қазандықтар іске қосылды. Жылу тарату орталығындағы температура +40 градусты көрсетуде. Сонымен қатар қазандықтарды жылыту үрдісі де жүргізілуде. № 5 қазандықта жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайды жоюға «Теплокоммунэнерго» МКК-ның 51 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылған.