Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семей командасы футболдан жасөспірімдер арасындағы ҚР Президентінің кубогына қатысады

СЕМЕЙ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдің жас футболшылары "Қазақстан Президентінің кубогы" екінші жасөспірімдер турниріне қатысуға әзірленуде,

Семей командасы футболдан жасөспірімдер арасындағы ҚР Президентінің кубогына қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өткен жылғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен "Семей-93" командасы футбол алаңында елеулі қарсыластарымен сынға түспек. Алматыда сәуірдің 26-сы мен 30-ы аралығында өтетін турнирге мәскеулік "Спартак" және "ЦСКА" , Қазанның "Рубина" командалары футбол мектептерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Бразилия мен Голландияның жасөспірім футболшылары қатысқалы отыр.