Семей-Курчатов тасжолының 100 шақырымнан астамын су шайып кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей-Курчатов тасжолының 4-130 шақырым аралығы апатты жағдайға байланысты жабылды, деп хабарлады ТЖД ақпаратына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, автожол бөлігі тюбинг құбырдың бұзылуынан және жол төсемінің шайылып кетуінен жабылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өңірде су тасқыны жағдайы әлі де бақылануда. Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте ТЖД басшысы Нұрлан Мадияров атап өткендей, осы күндері Ертіс бетінде кептеліп тұрған мұздың негізгі бөлігі өзен ағысымен ШҚО аумағынан шыққан. Зырянов ауданында Хамир өзенінде жағаны нығайту жұмысы жүргізілді. Мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Су қоймаларында су жіберу кестесі мен көлемі бекітілді.