Семей мемлекеттік медициналық иститутына жаңа ректор тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ерсін Жүнісов Семей қалалық мемлекеттік медициналық институтына ректор болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Семей мемлекеттік медициналық иститутына жаңа ректор тағайындалды

null
Ерсін Жүнісов бұдан бұрын осы жоғары оқу орнында стратегиялық серіктестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор болған. Жаңа ректор - медицина ғылымдарының докторы, «Қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру», сондай-ақ «Травматология және ортопедия» мамандықтары бойынша жоғары білікті дәрігер.

1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін үздік дипломмен бітірген.   2013 жылы   Қазақ  гуманитарлық - заң инновациялық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Негізгі шет елде біліктілігін арттыруы (2010, 2011, 2012, 2014 жж)  Saint-Louis University (АҚШ. Миссури штаты) «Health management general director selected as a honorable member» бойынша өткен.

1997-2000 ж.ж. Семей мемлекеттік медицина академиясының травматология, ортопедия   және ӘДХ кафедрасының аспиранты;

  2000-2001 жж. ҚР ҚК қатарында қызметте; 

2002-2003 жж. Қазақ мемлекеттік  медицина академиясының травматология, ортопедия және ӘДХ кафедрасының   оқу ісі меңгерушісі;

2003-2006 жж. Қазақ мемлекеттік  медицина академиясының емдеу факультеті деканының орынбасары;

 2006 -2009  жж.  Травматология және ортопедия ғылыми -зерттеу институтының бөлім бастығы;  

2009-2014 жж.  «Республикалық  жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-да көптеген жарақаттар бөлімшесінің меңгерушісі, хирургия бөлімінің, ортопедиялық хирургия және коагулопатия бөлімінің басшысы, инновация және ғылым жөніндегі директоры;

2014-2016 жылдың сәуіріне  дейін  Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» бас дәрігерінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары;

2016 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қазанына дейін ШЖҚ РМК «Семей қ. мемлекеттік медицина университеті» стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры;

2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың мамыр айына дейін  Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» көптеген жарақаттар және қалпына келтіру ортохирургия орталығының басшысы;

2017 жылдың мамырынан қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, ректордың міндетін атқарады.

Қазақстан Республикасында жеке өзімен 80 аса денсаулық сақтау саласыда  инновациялық технологияларды және ауруханалық менеджментте заманауи концепцияларды ұйымдастыруды енгізді, бірнеше рет шетелдік жетекші ғалымдармен және ұйымдастырушыларымен шеберлік  сабақтары, тәлімгерліктер ұйымдастырды.

Өнертабыстыққа   22 патент алды, 1 ҚР инновациялық патенті, 8 әдістемелік нұсқаулықтар, 170 астам ғылыми мақала, алдыңғы қатарлы мақалалары Жапонияда, АҚШ-та, Ресейде, Украинада жарияланған. 

Емдеу және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдерде халықаралық конференцияларға үнемі қатысады және баяндамалар жасайды.

 Е.Т. Жүнісовтің жетекшілігімен 1 ғылым  докторы және 2 ғылым кандидатық диссертация қорғауға дайындалған.  ҚР БҒМ және ДСМ гранты бойынша 2 ғылыми -техникалық бағдарламаларды орындаушы.

 Көп  жылғы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» және  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Ұлттық медициналық холдингінің «Үздік дәрігер зерттеуші» Құрмет грамотасымен, «Ортопедия және травматология саласында диагностика мен  емдеуде  инновациялық технологиялар»  енгізген жүйелері үшін «Әлеммен танылған Қазақстан» номинациясында «Жыл патриоты» Құрмет грамотасымен (2013) марапатталған.