Семей өңірінде ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есептері өтуде

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Семей өңірінде ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есептері өтуде.

Семей өңірінде ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есептері өтуде

Бұл туралы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпарат секторынан хабарлады.

2013 жылдың 15, 16 қаңтарында 13 есептік кездесу өтті. Сөз сөйлегендер арасында - әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардың жетекшілері, зейнеткерлер, жастар болды. Жиынға қатысқандар ауылдық округ әкімдіктерінің Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға барлық күштерін салғанын атап өтті. Кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерін жөндеуден өткізу және салу, жер мәселелеріне қатысты ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Ауылдық округ әкімдері барлық сұрақтарға жауап берді. Озерки ауылдық округіне қарасты Қаракөл, Талица, Половинка ауылдарында болған кездесулерде несие алу, егін салу, жол мәселелері туралы сұрақтар қойылды. Ауылдық округ әкімі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы, ауыл шаруашылығын дамытуға несие алу жолдары жайында түсіндіріп өтті. Барлық ұсыныстар атқарушы биліктің бақылауына алынды. Қатысқан ауыл тұрғындары атқарылған істерге оң баға беріп, атқарушы билікке қолдауын білдірді.