15:16, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
«Семей-Павлодар» тас жолында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртке оранды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Семей-Павлодар» трассасының 3-ші шақырымында Щучинск-Семей бағытымен жүретін жолаушылар автобусы отқа оранды. Оның ішінде 20 жолаушы болған. Жапа шеккендер жоқ.

Бұл оқиға туралы хабар өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне келіп түскен. «SETRA» маркалы автобусының артқы сол жақтағы дөңгелегінің ішкі жағы өртенген. Өрттің шығуына аса қауіпті агрегатты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр. Жолаушылардың барлығын жол полициясы жол-жөнекей көлікпен жөнелтті. Көлік дөңгелегі ауыстырылды.