13:31, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Семей прокуратурасы «Семей жолдары» кәсіпорнын еңбек ақы бойынша қарыздарын өтеуге міндеттеді
ӨСКЕМЕН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Семей қаласы прокуратурасының ұйғарымы бойынша «Семей жолдары» ЖШС-нің 236 жұмысшысына еңбек ақылары төленді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Анықталғанындай, қала прокуратурасы еңбек құқығы және азаматтардың бостандығын сақтау мониторингісі барысында жұмысшыларға 2010 жылғы мамыр айының 12 миллион 800 мың теңге көлеміндегі жалақысы төленбегендігін анықтаған. Кәсіпорын директорының атына заң бұзушылықты жою туралы бұйрық жіберіліп, маусым айының ішінде еңбек ақы жөніндегі барлық қарыз төленген.