Семей тұрғыны Ресейден арзан көлік жеткізіп берем деген алаяққа 1 млн теңгесін бере салған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны Ресейден арзанға көлік жеткізіп беретінін айтқан алаяққа сеніп, 1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей тұрғыны Ресейден арзан көлік жеткізіп берем деген алаяққа 1 млн теңгесін бере салған

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан 36 жастағы ер адам шілде айының басында Ресейден арзан көлік жеткізіп беретінін айтқан белгісіз біреуге 1 млн теңге ақша берген. Алайда кейіннен алаяқтың арбауына түскенін түсінді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. 39 жастағы Семей тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушінің ақшасын жеке қажетіне жұмсап үлгерген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.