Семей ядролық сынақ полигоны аумағын қалпына келтіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі жыл ішінде атқарылған жұмыстарының қорытындылау барысында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағын қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған.
Агенттіктің мәлімдеуінше бұл бағытта кешенді шаралар атқарылған.
- Зерттеу нәтижелері бойынша ластанған жерлердің аумағы 833 мың гектар, ал шаруашылыққа пайдалануға жарамды аумақтар 997 мың гектар болып айқындалды. Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жобасы іске асырылып жатыр, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ агенттік 2026 жылы атом бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңіне өту жоспарланып отырғанын хабарлды.
Басым бағыттардың қатарында «Балқаш» АЭС құрылысы жобасы бойынша Ресей Федерациясымен үкіметаралық келісімдерге қол қою, EPC-келісімшартқа қол қою, саланы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын бекіту, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңды қабылдау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты, өндірісті оқшаулауды және кадрларды даярлауды одан әрі дамыту көзделіп отыр.
Осыған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан атом энергетикасы дәуіріне қадам басып отырғаны туралы айтқан болатын.