15:26, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Семей зейнеткерлері экологиялық үстемелер мәселелерін шешуді сұрайды
СЕМЕЙ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей зейнеткерлері зейнетақы төлемдеріне экологиялық үстемелерді қосу мәселелерін шешуді сұрайды, олардың көпшілігі Семей ядролық полигонында 40 жылға созылған сынақтардың әсерінен денсаулығын жоғалтты.
Бұл өтінішті «Поколение» аймақтық қозғалысының жетекшісі Ольга Петровская Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуінде жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл мәселе жөнінде қоғамдық ұйым он жыл бойы республикалық ауқымдағы әртүрлі ведомстволарға аға ұрпақ өкілдерінің денсаулығын оңалту қажеттігін дәлелдеумен келеді. Қозғалыс белсенділернің пікірінше, төлем мөлшері онша көп емес, тереңірек үңіліп, құлақ түрсе, мемлекеттің бұл проблеманы шешуге қауқары бар.