«СемейАвиа» АҚ тарифтердің бірнеше түрін енгізді

СЕМЕЙ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Икемді тарифтік саясатты жүргізу мақсатында «СемейАвиа» АҚ тарифтердің бірнеше - арзан, қымбат, жастарға және зейнеткерлерге арналған түрлерін енгізді.
None
None

Авиакәсіпорнының билеттерді брондаудың және сатудың электрондық жүйесіне көшуінен бастап сату желісі кеңейді, ол қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі сәтте «СемейАвиа» АҚ тарифтер бойынша рейстерге орындар санын қайта бөлуде. Алдын ала өтініш білдірген жолаушыларға авиакәсіпорын арзан тариф ұсынады. «СемейАвиа» Семей-Алматы-Семей рейстерін аптасына бес рет тұрақты түрде жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар