18:46, 19 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Семейде 24 жастағы жігіт хабар-ошарсыз кетті
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғыны Біржан Жақиянов 11 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, 24 жастағы жігіт желтоқсанның сегізі күні 72-ші кварталдағы үйінен шығып, Бесқарағай ауданына қарасты Стеклянка кентіне жол тартқан. Оны осы ауылдан көргендер бар болып шықты.
Бірақ дәл қазір жоғалған жас жігіттің қайда жүргені белгісіз.Үстіне сол күні қара көк түсті қыстық күрте, қара түсті бас киім киген. Бойы - 160 см, орташа денелі, қой көзді, шашы сарғыш.
Біржанды көрген-білгендер болса 8-747-349-57-17 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуына болады.