Семейде 30 жастағы әйелден 18 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында есірткі саудасымен айналысқан әйелден 18 млн теңгенің есірткісі тәркіленді.   

Семейде 30 жастағы әйелден 18 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: Абай облыстық ПД

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 30 жастағы әйелдің жалға алынған пәтеріне тінту жүргізді. Соның нәтижесінде, еденде жатқан сөмкенің ішінен бес полимерлі орама бар косметика салатын сөмкеше, таразы, қасық, бұрағыш, бос zip-lock пакеттері, қайшы мен қара лента табылды. 

Семей
Фото: Абай облыстық ПД

- Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың мефедрон-психотропты заты, меткатинонның (эфедронның) аналогы екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 383,65 граммды құрады, бұл 1200 дозаға тең. Қара нарықтағы бағасы - шамамен 18 млн теңге, - делінген ақпаратта.

30 жастағы күдікті әйел психотроптық затты сақтау және ірі көлемде таратуға қатысы бар екенін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД

Еске салсақ, бұған дейін елордада есірткі таратушыдан аса ірі көлемде гашиш майы тәркіленгені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар