Семейде 60 жастағы жүргізушінің кесірінен бес көлік апатқа ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласында бес автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

жол апаты
Фото: Абай облысы ПД

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 20 қазан күні сағат шамамен 16:29–да Қаржаубайұлы көшесінде 60 жастағы жүргізуші Hyundai Tucson маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамағандықтан, алдында тұрған Nissan Skyline маркалы автокөлікпен (жүргізушісі — 41 жастағы әйел) соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Toyota Camry, Hyundai Tucson, Volkswagen Golf және Kia Bongo маркалы көліктердің қатысуымен тізбекті жол апаты болды.

— Hyundai Tucson және Nissan Skyline автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, дегенмен көліктеріне материалдық залал келтірілді. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын және алған жарақаттардың ауырлық дәрежесі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар