10:14, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
Семейде алты адамнан тұратын отбасы иіс тиіп уланды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат төрт жарымда Семей қаласында пеш ақаулығының салдарынан алты адамнан тұратын отбасы иіс тиіп уланды.

Соның ішінде төрт бала - бір жасар сәби, 6 жастағы екі бала мен 8 жастағы бала болған.
Отбасы ауруханаға жеткізілді. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Отбасы Восточный кентіндегі саяжай кооперативіндегі шағын үйде тұрған.
Түнде Зырян қаласында тағы бір оқиға орын алды. Онда екі қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан өрт сөндірушілер арасында 1 бала болған 8 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Жалын бірінші қабатта орналасқан рәтерден шыққан, оның 37 жастағы иесі «иіс тиіп улану» диагнозымен қаланың орталық ауруханасына жектізілді.
Тергеушілер өрттің шығу себебін анықтау үстінде, деп хабарлады ТЖ қызметінен.