Семейде Ауғанстан соғысының ардагері, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтті
Екі көрші аймақтың үздік боксшыларының арасындағы дәстүрлі жекпе-жек осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Әр команданың атынан 48 килә және одан жоғары салмақ санаттары бойынша 10 спортшы қатысты. Олардың қатарында республиканың танымал чемпион-спортшылары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері баршылық.
Генерал-лейтенант Б.Ертаев өз сөзінде атап көрсеткендей, бұл турнирдің ерекшелігі - оның патриоттық бағыттылығында және осы орайда әскери бөлімдердің өкілдері үлкен рөл атқарып келеді.
«Жас ұрпақты патриоттық сезімге кішкентайдан баулу керек. Бүгінгі турнирде, спорттық жекпе-жекте осы рух ерекше байқалуда: әрбір спортшы өз елінің жалауын көтеруге бар күш-жігерін салды. Дегенмен, халықтар арасындағы достық, қазақстандық ерекше мақтан ететін достық жеңіске жетті десек, артық айтқандық емес», - деп атап көрсетті Б.Ертаев.