Семейде әйел адам өртенген пәтерінде мерт болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде болған өрттен 48 жастағы әйел өз пәтерінде қаза болды, деп хабарлады облыстық ТЖ департаменті.

Семейде әйел адам өртенген пәтерінде мерт болды

«2016 жылы 7 тамызда, 10:39-да «101» пультіне ер адам хабарласып, Шәкәрім даңғылы, 14-ші мекен жайындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы екі бөлмелі пәтердің өртенгенін көрді. Өрт ас үйде тұтанып, жиһаз, тұрмыстық техникалар (тоңазытқыш, газ плитасы, қысқа толқынды пеш, электр шәйнек) өртенген және балкон есігі мен жеке заттар да өрттен аман қалмаған.

Өрттің жалпы аумағы 45 шаршы метрді құраған. Құтқарушылар диван үстінде газ иісіне тұншығып көз жұмған 48 жастағы пәтер иесін тапты», - делінген хабарламада.

Істің анық-қанығын зерттеуде өрт туралы хабарламаның кеш келгені белгілі болды, көршілер ас үй түгел өртеніп, балконнан түтін шыққанда өртті ғана байқаған.

Өрт фактісі бойынша тергеу органдары сот экспертизасын тағайындады, себептері де анықталып жатыр.

ТЖ бойынша қалалық бөлімнің хабарлауынша, өрт кезінде 67 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жетеуі балалар. Өрт сөндіру қызметі күштерінің №2 жасағы 11:43-те өртті түгел сөндірді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 10 дана техника қатыстырылды.