12:25, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Семейде балалар жарақаттанушылығының алдын алу айлығы өтуде
СЕМЕЙ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде балалар жарақаттанушылығының алдын алу жөніндегі айлық өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаланың медициналық мекемелері жүргізіп отырған статистика бойынша, 2008 жылы балалар алған жарақаттардың саны, алдыңғы жылмен салыстырғанда, 16 пайызға өскен. Ал, кеше ғана аяқталған қысқы каникул кезеңінде қала ауруханаларының травматологиялық бөлімдеріне түрлі жарақатпен 20-ға жуық бала түсіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалар, негізінен, сырғанап жүріп, көктайғақ жерлерде ойнап жүріп, жарақаттанады. Айлық кезеңінде медициналық қызметкерлер, мектеп оқытушылары мен жол полициясының қызметкерлері білім ошақтарында профилактикалық әңгімелесулер, дәрістер өткізеді.