Семейде бейсенбі күні ең төмен температура тіркелді

СЕМЕЙ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде бейсенбі күні, ақпанның 11-інде қыс басталғалы бері ең төмен температура - минус 43 градус тіркелді.
None
None

Аймақта бір айдан бері сақырлаған сары аяз сынбай тұр, ал соңғы күндері температура түнде - минус 36-40 градусты және күндіз 30-35 градусты көрсетуде.

Аязды ауа райы жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби-техникалық училищелердің және колледждердің жұмыс кестелеріне өзгерістер енгізуде. Сабақтардың болмауына байланысты 1-ден 11-ге дейінгі сынып оқушылары бір айдан бері оқымаған жоқ.Қатты аяз қаланың жылумен жабдықтау қызметтері үшін нағыз сынақ болып отыр. Қазандықтарға көмір жеткізіп беру мәселесі шешілгенімен, көптеген тұрғын үйлердегі пәтерлерде температура 14-16 градустан аспай тұр, кей жерлерде одан да төмен. Жылуды толық беруге тозығы жеткен желілер қолбайлау болуда.Синоптиктердің болжауынша, қалада таяу күндері қатты аяз сақталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум