17:26, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Семейде «Ертіс» ӘКК жаңа басшысы таныстырылды
СЕМЕЙ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семейде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жаңа төрағасы Ермек Беделбайұлы Көшербаевты таныстырды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын біріктіреді. Қызметін бастағаннан бері мұнда 100-ден астам бизнес жоба ұсынылды, оның ішінде жер қойнауын пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс бойынша 25 жоба қаралу үстінде. Бұл жоспарларды жүзеге асыру Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында бес мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ө.Шөкеев ӘКК-ге еңбектерінде табысқа жетуге тілектестігін білдіріп, отандық бизнестен өз орнын табуға, жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған қаражаттардың тез қайтарым беруіне күш салуға шақырды.