Семейде балаларды зорлаған студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының сотында хабарлағандай, Семейде екі кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін заң факультетінің студентіне үкім шығарылды.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында зорлау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі), сондай-ақ жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі) фактісі бойынша 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық істі қарады.
Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушының Семей қаласында 2022 жылдың мамыры мен 2025 жылдың қаңтар айларында 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты жасаған қылмысы анықталды. Алғашқы эпизод кезінде айыпталушының жасы 18-де болған. Сот барысында студент өз кінәсін мойындамады және өзін ақтауды сұрады.
Кәмелетке толмағандарға зорлық әрекеттері үшін ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетелік Ақтөбеде мектептерді аттестациядан өткізу кезінде пара алған басшы істі болып жатыр.