Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семейде кәсіподақтар спартакиадасы басталды

СЕМЕЙ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде өңір кәсіподақтарының спартакиадасы басталды. Дәстүрлі жарыс шахматшылар турнирімен басталды,

Семейде кәсіподақтар спартакиадасы басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шахмат біріншілігіне қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің 7 ұжымының өкілдері қатысуда. Спартакиада бағдарламасына барлығы спорттың бес түрі кіреді. Шахматшылар кездесуінен кейін волейбол, футбол, үстел теннисі мен нысана дәлдеуден де жарыстар өтеді. Семейде кәсіподақтар спартакиадасы осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биылғы жарыс Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арналды.