Семейде қайтадан денсаулық сақтау бөлімі құрылды

СЕМЕЙ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде қайта құрылымдау аясында өткен жылдың көктемінде жабылған денсаулық сақтау бөлімі қайта құрылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Эрнест Қалиев өткен демалыс күндері Семейдің медициналық мекемелерінің басшыларымен өткізген кеңесінде жүргізілген қайта құрылымдау ісінің нәтижесіз болып шыққанын айтып өтті. Бюджеттің ортақтығына қарамастан, Семейдегі бөлімнің жабылуы қосымша қиыншылықтар туғызған және оны қайта құру қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Облыстық әкімдікке бірнеше рет өтініш жасалғаннан кейін, осындай шешім қабылданып отыр. Жүргізілген конкурстың қорытындысы бойынша облыстық басқарма бастығының орынбасары лауазымына және Семейдегі бөлім жұмысын басқаруға Ғалия Әбдіғалиқызы Жуаспаева тағайындалды. Жаңа басшыны медицина қызметкерлерінің кездесуінде Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Эрнест Қалиев таныстырды.
Соңғы жаңалықтар