Семейде көппәтерлі үйде бірнеше пәтер өртеніп кетті
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Семей қаласында көппәтерлі тұрғын үйде бірнеше пәтер өртеніп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Семейдегі Степной кентінде мамырдың 3-інде сағат 16.09-да 16 пәтерлі тұрғын үйдің бірінші кіреберісіндегі бірінші және екінші қабаттағы пәтерлер өртенді. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 180 шаршыметрді құрады. Оқиға салдарынан бес пәтер өртеніп кетті, ал екі пәтердің сыртқы есіктерін өрт шалды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, келген материалдық шығын анықталуда. Алты отбасының мүшелері ? 17 тұрғын, туған-туыстарының үйлеріне жайғастырылды. Өрттің шығу себебі туралы әзірге мәлімет жоқ.