Семейде мердігер жаяу жүргіншілер жолындағы асфальтты заңсыз түрде алып тастаған

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде Семей қаласы Қарағайлы ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер жолының бүлінгені туралы ақпарат тарады.

Қарағайлы ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер жолы қалпына келтіріледі
Фото: Видеодан скрин

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес қала әкімі Әділет Қожанбаев жаяу жүргіншілер жолының жағдайымен танысып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті. Мердігер жаяу жүргіншілер жолындағы асфальт жабындысын заңсыз түрде алып тастаған.

— Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың сапасы — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі. Сондықтан бұл мәселе әрқашан назарда болуы тиіс, — деді қала басшысы.

Қалалық полиция басқармасының ақпараты бойынша шара қабылданып, нәтижесінде мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мердігер ұйымға жаяу жүргіншілер жолын бекітілген мерзімде қалпына келтіру міндеттелді.

Бұдан бұрын Семейде кәріз құдығына түскен екі жұмысшы есінен танып қалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар