Семейде мүгедек және жетім балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті
СЕМЕЙ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Полигон балалары» қоғамдық бірлестігі Семей қаласы балалар саябағының әкімшілігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі, жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балалар үшін қайырымдылық акциясын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тамаша мерекеде балаларға тәттілер ұсынылып, қызықты ойын-сауық бағдарламасы көрсетілді, сондай-ақ бүлдіршіндер үшін ұйымдастырылған тегін әлпеншектер олардың есінде мәңгі қалатын болады.
«Полигон балалары» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің айтуынша, бұл олар өткізіп отырған алғашқы акция емес. Жыл сайын мамырдың 20-сынан маусымның 10-ына дейін қоғамдық бірлестік балалар үйлері мен интернаттарының тәрбиеленушілері үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеді.